14 шілдеде Астанада метеобақылаулар тарихында жаңа рекорд тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазгидромет бақылау желісінің дерегі бойынша елордада ауаның максималды температурасы +38,6 градусқа жеткен. Бұл 14 шілдеде тіркелген алдыңғы рекордтан 3,3 градусқа жоғары. Бұған дейін 1992 жылғы 14 шілде ең ыстық күн болып есептелген, ол кезде термометр бағаны +35,3 градусқа дейін көтерілген болатын.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 14 шілде елордадағы ең ыстық күн болатынын ескерткен еді. Болжам бойынша ауа температурасы +37...+39 градусқа дейін көтерілетіні айтылды.
Алайда 13 шілденің өзінде-ақ аптап ыстық рекорд көрсеткішке жақындады. Сағат 13:40-тағы жағдай бойынша Астанада ауа температурасы +35,9 градус болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!