Астанада кейбір көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Астанада кейбір көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова

6 шілдеде Астанада Астана күніне арналған үлкен концерт өтеді. Оған қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады. Бұған байланысты кейбір көшеде көлік қозғалысына шектеу қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана әкімдігінің мәліметінше, мерекелік концерт сағат 18:00-де "Астана Арена" стадионы аумағында басталады.

"Қонақтарға ыңғайлы мен қауіпсіз болуы үшін концерт кезінде "Астана Арена" стадионы маңында - "Алау" мұзсарайы мен "Сарыарқа" велотрегі жағынан - көлік қозғалысы шектеледі", – делінген хабарламада.

Астана әкімдігі

Мерекелік концертте отандық эстрада жұлдыздары мен ұжымдар өнер көрсетеді. Олардың қатарында Қазбек Құрайыш, аңызға айналған "Дос-Мұқасан" тобы, жастардың сүйікті 6elucci тобы, Жанар Дұғалова, Әли Оқапов, Лимба, Атилла, Аро, Жұбаныш Жексен, Назима, Илхан және Тұрар бар.

Айта кетейік, елордада Астана күніне орай 6 шілдеде мерекелік отшашу болады. Фейерверктің шамамен басталатын уақыты - сағат 23:00. Ол Ботаникалық бақтан эстрада жұлдыздары қатысатын ашық концерт аяқталған соң атылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget