Астанада Керей-Жәнібек хандар көшесінің бір бөлігі жабылады

Астанада Керей-Жәнібек хандар көшесінің бір бөлігі жабылады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астанадағы Керей-Жәнібек хандар көшесінің учаскесі уақытша жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Керей-Жәнібек хандар көшесі бойынша Әлихан Бөкейхан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде жол төсемінің үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізілетінін хабарлады. 

"Осыған байланысты 4 қыркүйек күні сағат 20:00-ден 5 қыркүйек күні сағат 17:00-ге дейінгі аралықта жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы айналып өту схемасына сәйкес, іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылады", - делінген хабарламада.

Ведомство Астана тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептелісті болдырмау үшін маршруттарын алдын ала жоспарлауды ескертті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан