Астанада Керей-Жәнібек хандар көшесі екі күнге толығымен жабылады

Астанада Керей-Жәнібек хандар көшесі екі күнге толығымен жабылады
Фото: gov.kz

Астанада Керей-Жәнібек хандар көшесінің жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Керей-Жәнібек хандар көшесінің жол төсеміне жөндеу жұмыстар жүргізілгені туралы хабарлады.

"Осыған байланысты биыл 31 тамыз - 1 қыркүйек аралығында Ә. Бөкейхан/Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысы толығымен жабылатын болады.
Сонымен қатар 31 тамыз - 4 қыркүйек аралығында Ә. Бөкейхан көшесінен бастап Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Керей-Жәнібек хандар көшесі ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылатын болады", - делінген хабарламада. 

Басқарма Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова
Logotype Massaget