Астанада кептеліске толы көшелер қайсы екені белгілі болды

Sergek ITS сарапшылары Астанадағы көлік жүктемесі жоғары қиылыстарды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Зерттеу барысында қиылыстардың жүктемесі мына параметрлер бойынша бағаланған:

  • қозғалыс қарқыны;
  • қиылыстағы ағынның орташа жылдамдығы;
  • қиылыстағы көлік кезектерінің ұзындығы;
  • жолдардың жүктеме деңгейі;
  • кептелістің жүйелілігі;
  • кептелістің ұзақтығы.

Зерттеу нәтижелері бойынша қаладағы көлік ең көп қиылыстар мыналар болып шықты:

  • Тұран даңғылы – Қорғалжын тасжолы;
  • Достық көшесі – Ақмешіт көшесі;
  • Тұран даңғылы – Сарайшық көшесі;
  • Достық көшесі – Түркістан көшесі;
  • Сарайшық көшесі – Ақмешіт көшесі;
  • Қабанбай батыр даңғылы – Сарайшық көшесі;
  • Қабанбай батыр даңғылы – Қонаев көшесі;
  • Қабанбай батыр даңғылы – Достық көшесі;
  • Достық көшесі – Сауран көшесі;
  • Қонаев көшесі – Түркістан көшесі;
  • Қабанбай батыр даңғылы – Қорғалжын тасжолы;
  • Тәуелсіздік даңғылы – Момышұлы көшесі;
  • Кенесары көшесі – Жеңіс даңғылы;
  • Республика даңғылы – Сейфуллин көшесі;
  • Уәлиханов көшесі – Сейфуллин көшесі.

Сарапшылардың айтуынша, осы учаскелерде жиі кептеліс болады, бұл қалада қозғалысты қиындатып, жүргізушілердің уақытын ұзартады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз