Астанада Есіл өзенінің жағасында орналасқан Кенесары хан ескерткіші қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бұзылатын болды. Бұл туралы қаланың мәдениет басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ғылыми-техникалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес нысан апатты деп танылды. Нысан іргетасының құлау қаупі бар.
"Нысанды бөлшектеу биылғы қараша айында басталады. Нысанның өзі жаңартылғаннан кейін 2025 жылдың көктемінде орнына қайтарылады деп жоспарланып отыр", - деп хабарлады ведомство.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!