Астанадағы "Отан қорғаушылар" алаңында Қазақстанның төңкерілген Мемлекеттік Туы желбіреп тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл келеңсіз көріністі жергілікті тұрғындар байқап қалған.
"Астана қаласындағы Қажымұқан көшесі. "Отан қорғаушылар" алаңында орналасқан Мемлекеттік ту төңкеріліп тұр. Жолдың қарсы жағында тұрып суретке түстік", - деп жазған бұл жағдайдың куәгерлері.
Еске салайық, биылғы қаңтарда Қазақстан мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін салынатын айыппұл көлемі артқан болатын. Қазір бұл құқықбұзушылық үшін 3 мың АЕК (2023 жылы – 10 млн 350 мың теңге) көлемінде айыппұл салу көзделген.
Сондай-ақ тәртіп бұзушы 900 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін.
Азамат Қойшығара
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!