Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумының ұйымдастырушылары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ болып табылады.
Шараға венгр компанияларының дәрі-дәрмек өндіру, медициналық жабдықтар, ауыл шаруашылығы, машина жасау, азық-түлік өнеркәсібі, логистика, АКТ және тағы да басқа салалардағы өкілдері қатысады деп жоспарлануда.
Айта кету керек, 2005 жылдан бастап 2016 жылдың бірінші тоқсанына дейінгі аралықта Қазақстан экономикасына түскен венгр тікелей инвестицияларының көлемі 102,2 млн долларды құраған.
Қазақстан мен Мажарстан арасындағы тауар айналымы 2008 жылдан 2015 жыл аралығында 1 777,4 млн долларды құраған (экспорт – 721,1 млн доллар, импорт – 1 056,3 млн доллар).