22 қыркүйек күні сағат 16.00-де Астанадағы Конгресс-Холл сарайында XVІII Қазақстан халқы тілдерінің қалалық фестивалі өтеді, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Биыл фестиваль Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады.
Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен көпбалалы аналар және т.б. қатысады. Сонымен қатар, кеште Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртістері мен эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.
Еске салайық, Елбасының 1998 жылдың 20 қаңтарындағы № 3827 Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының үшінші жексенбісінде Қазақстан халқының тілдері күні мерекеленеді.
Дереккөз: inform.kz