23 қараша күні Қазақстан орталық концерт залыңдаҚазақстан дінтанушыларының VIII форумыөтті. Биылғы шарада Қазақстандық қоғамның рухани қауіпсіздігі: тәжірибесі мен болашағы атты тақырыпта сөз қозғалды. Форумда Қазақстандағы діни ахуалға байланысты негізгі мәселелерді талқылау, діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру, Қазақстандағы Исламтану мектебінің қалыптасуы және т.б. өзекті тақырыптар талқыланды. Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғ.Шойкин, Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры О.Жалаири, мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері, белгілі Қазақстандық дінтанушы ғалымдар, ҮЕҰ мен діни бірлестіктердің басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Қазақстан дінтанушыларының кезекті форумының ашылуында алғысөз сөйлеген ҚР қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын: - Қалыптасқан дәстүр бойынша мемлекеттік конфессиялық қатынастардың мәселелерін талқылап, терең идеялар мен нақты міндеттерді анықтауға жиналып отырмыз. 2011 жылдан бері осы форум жеті рет өтті. Әр форумда діни салаға қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыға түсті. Биылғы форумныңҚазақстандық қоғамның рухани қауіпсіздігі: тәжірибе және болашағытақырыбына арналуының өзі Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай, адамзат дамуының үшінші мыңжылдыққа өткеніне 18 жыл өтсе де, келісім, қауіпсіздік және тұрақтылықтың негізгі үрдіске айналдыра алмай отырғанымыздың айғағы іспетті. Форум азаматтық қоғам институттарының ауқымды өкілдігі мен беделді дінтанушылар мен теологтардың, педагогикалық қоғамдастықтың азаматтық борышы -діни саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруға қолдау көрсету және ықпал ету, девальвацияға және моральдық-адамгершілік негіздерін жоюға қарсы тұрудағыбіздің мемлекет пен қоғамның өзекті әрі стратегиялық мүдделері қалыптасатын маңызды сұхбат алаңы болып табылады, - деп атап өтті. Шара арасында Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Әбуов қоғамдағы діни көзқарастың өсуі туралы өз пікірін білдіре кетті. - Қазір қоғамда діни сауаттылық артты деген сөз айтылып жүр. Ал шын мәнісінде діни сауат өсті ме, әлде дінге деген қате көзқарас өсті ме? Мәселен, бес мезгіл намаз оқитын немесе жұма намазға барып жүрген кісілерді дін адамы деп айта аламыз ба? Бұл ойланарлық жағдай. Осы салада теологтар мен дінтанушылар біраз жұмыс жасау керек деп ойлаймын, - деді Айдар Әбуов. Дін мамандары Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы Қазақстан дінтанушыларының рөл жəне Қазақстан Республикасындағы діни сенім бостандығының жағдайы туралы секілді ауқымды екі тақырып төңірегінде жан-жақты ойды ортаға салды. Форум барысында Қазақстандағы діни ахуалға, діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру, Қазақстандық исламтану мектебінің қалыптасуы және тағы басқа көптеген негізгі мәселелер талқыланды. Форум қорытындысы бойынша Қазақстанның алдыңғы қатарлы дінтанушыларын марапаттау рәсімі өтіп, тұжырымдамалық ұсынымдар қабылданды, сондай-ақ алғаш рет Қазақстан Республикасындағы діни сенім бостандығының жағдайы туралы баяндама таныстырылды. Атап өту қажет, Қазақстан дінтанушыларының форумы отандық ғалымдарды, дін саласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдар өкілдерін интеграциялау үшін тұрақты жұмыс істейтін тиімді пікірталас алаңы ретінде еліміздің игілігі үшін өзінің лайықты үлесін қосып келеді.