- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада қай сала...
Астанада қай сала мамандарының жалақысы өсті?
Астанада кітапханашылар, әлеуметтік қызметкерлер мен жергілікті полицейлердің жалақысы өседі. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Қызметкерлердің еңбек жағдайын жүйелі түрде жақсартуды ары қарай жалғастырамыз. 1 маусымнан бастап әлеуметтік, мәдениет (кітапханалар, мұражайлар), спорт, жергілікті полиция қызметі және тағы басқа мамандардың жалақысы көтерілді. Осылайша, елорда мекемелерінде жұмыс істейтін 4 мыңға жуық маман қамтылды", - деді әкім.
Оның сөзінше, жалақы 30 пайыздан 50 пайызға дейін өскен.
Ж. Қадыржанова"Мәселен, әлеуметтік мекемелер, медициналық-оңалту орталықтары, кітапхана және тағы басқа орындарда жұмыс істейтін жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысы 30 пайыздан 50 пайызға дейін көбейді. Осыған байланысты бірнеше мысал келтіріп өтейін:
- "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы және "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 1,5 есе өсті;
- Кітапханашылардың жалақысы 30 пайыздан аса ("Орталық кітапхана жүйесі" КММ), суретшілердің жалақысы 50 пайызға өсті;
- Жергілікті полицейлердің жалақысы 30 пайызға дейін көтерілді, азаматтық қызметкерлердің жалақысы (С, D санаттары және разрядтаушылар) 1,8 есе өсті", - деді ол.