Астанада қаскөйлер 64 жастағы қарияның гаражынан құнды заттарын ұрлап кеткен

Астанада қаскөйлер 64 жастағы қарияның гаражынан құнды заттарын ұрлап кеткен
Фото: pixabay.com

Астанада 64 жастағы қарияның гаражынан құнды заттарын ұрлап кеткендер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияға қаланың 64 жастағы қарт тұрғыны арызбен жүгініп, өзіне тиесілі гараждан құнды заттының ұрланғанын хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында "Сарыарқа" ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері сол аумақтың 34 және 31 жастағы азаматтарын күдікті деп ұстады.

Ер адамдар тергеп-тексеру барысында қарт адамның жеке мүліктері сақталған гаражға есігін бұзып кіріп, құны 100 мың теңгеге бағаланатын темір есікті ұрлап шыққаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша түрде бұлтартпау шарасы таңдалып, заттай айғақтар тәркіленді.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина