Астанада кәріз құдығының қақпағын ұрлағандар ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға "Elorda Eco System" ЖШС-дан белгісіз біреулердің кәріз қақпақтарын ұрлау фактісі бойынша арыз келіп түскен.
Аталмыш факт бойынша кәріз қақпақтарын ұрлады деген күдікпен елорданың 30 және 35 жастағы екі тұрғынына қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тергеу барысында анықталғандай, ер адамдар өздерінің көліктерімен (Газель және Kia Rio) түнгі уақытта Медеу, Қарталы, Оқжетпес, Ұлытау және Баршын көшелерінің аумағына 10 күн бойы келіп жүрген. Cодан кейін олар бөгде адамдардың жоқтығына көз жеткізіп, ұрлық жасаған. Күдіктілер жалпы 16 дана металды ұрлап үлгерген. Оларды металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырған.
Металдарды өткізу сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Ер адамдар кінәсін мойындады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!