Астанада кәріз қақпақтарын ұрлағандар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға Elorda Eco System ЖШС-дан белгісіз біреулердің кәріз қақпақтарын ұрлау дерегі бойынша арыз келіп түсті.
Бұл дерек бойынша кәріз қақпақтарын ұрлады деген күдікпен елорданың 30 және 35 жастағы екі тұрғынына қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тергеу барысында ер адамдар өздерінің көліктерімен (Газель және Kia Rio) түнде Медеу, Қарталы, Оқжетпес, Ұлытау және Баршын көшелерінің аумағына 10 күн бойы келіп жүргені анықталды. Кейін олар бөгде адамдардың жоғына көз жеткізіп, ұрлық жасаған. Күдіктілер жалпы 16 дана металл ұрлап үлгерген. Оларды металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырған.
Металдарды өткізу сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Олар кінәсін мойындады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!