• 497.95
  • 490.7
  • 5.49

Астанада картоп сатуға қойылған шектеу алынып тасталды - әкімдік

Астанада картоп сатуға қойылған шектеу алынып тасталды - әкімдік
Фото: depositphotos.com

Астанада бір адамға 5 келіге дейін картоп сатуға қойылған шектеу алынып тасталды. Мұны қала әкімдігі растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдіктің баспасөз қызметі Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына сілтеме жасап, қазір Астанада картоп сату бойынша шектеу жоқ, қалада оның тапшылығы жоқ екенін хабарлады.

"Өнім қаладағы сауда желілері мен базарлардың сөрелерінде жеткілікті мөлшерде ұсынылып, олардың қоры уақытында толықтырылып отырады", - деп хабарлады ведомство.

Әкімдік картопты сату бойынша қойылған шектеуді 22 қаңтарда Small және Spar желілерінің әкімшілігі енгізгенін еске салды.

"Олар бұл шараны делдалдардың өнімді одан әрі қайта сату үшін көтерме сатып алуына жол бермеу үшін өз бетінше қабылдады, мысалы, барлық Small және Spar сауда желілерінде картоптың келісі 280 теңгеден сатылып жатыр", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
 

Еске салайық, бұған дейін Астанада танымал сауда желісінің супермаркеттерінде картоп сатылымына шектеу қойылған еді. Қаладағы супермаркеттердің бірінде осыған қатысты хабарландыру жарияланды. Онда бірінші сұрыпты картоптан бір қолға 5 келіден артық берілмейтіні айтылған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лес