Биыл Астанада қар кеш жауды. Осылайша, 2 млрд теңге үнемделді. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаржы қаладағы қар күреу жұмысына қарастырылған.
"Астанада қар бір айға кеш түсті. 1,5 айдың ішінде 2 млрд теңге үнемделді. Мұны біз әлеуметтік салаға жұмсаймыз. Қалада шешімін таппаған мәселелер көп. Мысалы, мектептер мен балабақшалар. Үнемделген қаржы осы мақсатқа жұмсалады", - деді Жеңіс Қасымбек ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Аяз Есен
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!