- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада қарақшылық жасаған...
Астанада қарақшылық жасаған шетелдік Испанияда ұсталды
Фото:
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Астанада қарақшылық жасаған шетелдік Испанияда ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аликанте қаласында Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша елорда аумағында қарақшылық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған Ресей азаматы ұсталды.
"2016 жылы ер адам топ құрамында үйге заңсыз кіріп, зорлық-зомбылықпен жалпы сомасы 4 миллион теңгеден аса мүлікті иемденген. Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда", - деп жазылған хабарламада.
Оны елге жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова