Дүйсенбі, 9 қарашада Астанада ауа райы күрт нашарлайды. Бұл туралы "Қазгидромет" синоптиктерінің болжамына сүйенген Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елордада жаңбыр мен қар жауады. Түнде жауын-шашын күшейеді деп күтіледі.
Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Түнде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.
Бүгін Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып тұр. Синоптиктер күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15 метрге дейін күшейетінін болжаған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz