Астанада қар: әуежайда қанша рейс кешігіп жатыр?

Астанада ауа райы күрт өзгеріп, қазір қалада қар жауып жатыр. Бұл әуежайдағы рейстерге де әсер етіп жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана әуежайының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір 8 рейс кейінге шегерілген. Оның үшеуі ұшып кететін, бесеуі ұшып келетін рейс.

Онлайн таблодағы мәлімет бойынша Qazaq Air IQ 438 ұшағы Петропавлдан кешігіп жатыр, ол Астанаға 15:20-да қонуы керек еді, енді 15:45-те жетеді. Ақтөбеден ұшатын ұшақ бір сағаттан кейін келеді (17:55-те емес, 18:55-те). Бұл рейсті Qazaq Air компаниясынікі.

Алматыдан DV 5351 рейсі (SCAT) үш сағатқа кешігеді.

Ұшып кететін үш рейс те: Новосібірге (IQ 511, Qazaq Air әуе компаниясы), Қытайдың Санья қаласына (DV 475, Scat әуе компаниясы), сондай-ақ Алматыға (IQ 359, Qazaq Air әуе компаниясы) кейінге қалдырылды.

Баспасөз қызметі Астана халықаралық әуежайы төменгі температура кезінде үзіліссіз жұмыс істеуі үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатқанын хабарлады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!