Астанада қанша балабақша жетіспейді?

Астанада қанша балабақша жетіспейді?
Фото: Тұрар Қазанғапов

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздегі балабақшалардың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде 950 мыңнан аса бала қамтылған 11 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым бар.

"Былтыр 66 мыңнан аса орынға 613 балабақша ашылды, ал 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші 91,5 пайызға дейін өсті. Биыл бұл көрсеткішті 92,5 пайызға дейін арттыру жоспарланып жатыр. Астанада әлі де балабақшалар жетіспейді. Бүгінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту - 81 пайыз", - деді Бейсембаев елордада өткен педагогтер форумында.

Ал мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдауға кезекте тұрған балалар саны - 57 283 адам.

"2025 жылға дейін бұл мәселені шешу үшін 10 балабақша ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 97 мың бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Оның 11 712-сі астананың балабақшаларында", - деді министр.

Еске салайық, бұған дейін баланы балабақшаға қабылдау үшін қандай құжаттар қажет екені хабарланған еді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек