Астана халқының саны 1,5 миллионға жуықтады,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2024 жылғы 1 маусымдағы көрсеткіш бойынша Қазақстандағы халық саны 20 139 914 адамға жеткен.
Ұлттық статистика бюросы жариялаған мәліметке сәйкес 2024 жылғы қаңтар және маусым айлары аралығында халық санының өсімі 106 072 адам болған. Жыл басында елімізде 20 033 841 адам өмір сүрсе, 1 маусымдағы көрсеткіш бойынша халық саны 20 139 914 адамға жеткен.
Қала халқының саны 12 552 583 адам болса, ауыл халқының саны 7 587 331 болып отыр. Ал Қазақстанда 10 302 166 әйел тұратын болса, ерлердің саны - 9 837 748.
Қазақстан халқының ең көп бөлігі Алматы қаласында өмір сүретіні белгілі болып отыр. Онда 2,2 миллион адам тұрады. Екінші орында Түркістан облысы. Бұл өңірде 2,1 миллион тұрғын болса, Алматы облысында 1,5 миллион халық өмір сүреді.
2024 жылғы 1 маусымдағы көрсеткішке сай елордада 1 464 415 адам, ал Шымкент қаласында 1 236 901 тұрғын өмір сүретіні белгілі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!