Астанада кәмелетке толмаған қыз бутиктен аяқ киім мен жилетка ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел іздестіру шаралары барысында Есіл ауданының полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысты деген күдікпен 17 жастағы елорда тұрғынын анықтады.
Тергеу барысында кәмелетке толмаған бозбаланың Қабанбай батыр даңғылындағы сауда ойын-сауық орталығына күндіз келіп, фирмалық киім дүкеніне кіргені белгілі болған. Сөрелерде тұрған тауарларға қарап, өзіне лайық заттарды таңдап, содан кейін сатушылардың басқа іспен алаңдауын пайдаланып, ескі аяқ киімін жаңаға ауыстырып, онымен қоса жеңсіз кеудеше алып, сауда үйінен ден шығып кеткен.
Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған азаматша заңды өкілдеріне берілді. Оның астанада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!