- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада кәмелетке толмаған...
Астанада кәмелетке толмаған бала 8-қабаттан құлап кетті
Фото:
depositphotos.com
Астанада 8-қабаттың терезесінен баланың құлау фактісі тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиғаны Tengrinews.kz тілшісіне куәгерлер - "Алал 2" ТК тұрғындары хабарлады. Олардың айтуынша, жасөспірім үйдің терезесінен құлап кеткен.
Полиция бұл оқиғаны растап, баланың алған жарақаттарынан қайтыс болғанын хабарлады.
"Кәмелетке толмаған бала тұрғын үйдің 8-қабатынан құлау фактісі бойынша алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Астана ПД Есіл ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - деп хабарлады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы