Астанада КамАЗ әйелді қағып өлтірді

Астанада КамАЗ әйелді қағып өлтірді
Фото: Tengrinews.kz

29 желтоқсанда Ақан сері көшесімен келе жатқан "КамАЗ" маркалы көліктің жүргізушісі солға бұрылып, жаяу жүргіншіні басып өткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

"Астана полиция департаменті азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жүргізушілер жолдарда барынша қырағы және мұқият болуы керек, жаяу жүргіншілер жолды рұқсат етілген жерлерден ғана кесіп өтуі керек", - деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан