Астанада қаланың қақ ортасында көлік өртенді

Астанада қаланың қақ ортасында көлік өртенді
Фото: Видео кадры

Астанада Орхон көшесінде көлік өртенді. Желіде оқиғаның видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елордалық құтқарушылар өртенген көлікті жедел сөндірді.

"Өртсөндірушілер жалынды дер кезінде ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ. ТЖМ автокөлік иелерін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады", — делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, көліктің маркасы мен шыққан жылы нақтыланбаған. Сондай-ақ, ведомство өрттің шығу себептері анықталып жатқанын нақтылады.

Құтқарушылардың ұсыныстары

Көліктің өртену қаупін азайту үшін жүргізушілерге мына талаптарды орындау ұсынылады:

  • техникалық байқаудан уақытылы өту;
  • магнитола, дабыл жүйесі және қозғалтқышты алдын ала қыздырғышты тек мамандандырылған сервис орталықтарында орнату;
  • автокөлікте әрқашан жарамды өрт сөндіргіштің болуын қадағалау;
  • электр жабдықтарының күйін бақылау;
  • жанармай жүйесінің герметикалығы мен жарамдылығын жүйелі түрде тексеру;
  • қозғалтқыш бөлігінде бөгде тез тұтанғыш заттарды сақтамау;
  • жанар-жағармай материалдарын тек ақпайтын, герметикалық ыдыстарда тасымалдау.

Егер автокөлік отын ретінде газды пайдаланса, газ жабдығының техникалық күйін жүйелі түрде тексеріп тұру қажет.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget