- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада қала күніне...
Астанада қала күніне орай отшашу бола ма? Әкімдік жауабы
Биыл елордада Астана күніне орай отшашу болмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, биыл Астанада қала күні мерекесінде отшашу болмайды. Бұл ретте басқа да мерекелік шараларды өткізу жоспарланып жатыр, олардың басым бөлігі елорда тұрғындары мен қонақтары үшін тегін болады.
"Биыл қала күнінде отшашу болмайды. Дегенмен қаланың 25 жылдығына дейін 100-ден аса іс-шара өткізу жоспарланып жатыр. Оның 90-ға жуығы елорданың барлық тұрғыны мен қонағы үшін тегін", - деді әкімдік өкілдері.
Сонымен қатар, мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысанның ашылу салтанаты өтеді. Соның ішінде Оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар, қоғамдық орындар және үлескерлерге пәтер кілттері табысталады.
Еске салайық, биыл Үкімет Астана күнін мерекелеу үшін демалыс күнін ауыстырды. 2023 жылы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында демалыс күні сенбі, 1 шілдеден жұма, 7 шілдеге ауыстырылды. Нәтижесінде қазақстандықтар елорда күніне төрт күн демалады: 6, 7, 8, 9 шілде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек