- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қор-қор
Астанада кафеде қор-қор тартып отырған келуші үшін әкімші жазаланды
Астанада кафеге келушінің кальян шеккені үшін әкімшіге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Байқоңыр және Алматы ауданы учаскелік инспекторлары 50-ден астам белгіленбеген орындарда кальян шегу фактілерін анықтады.
Кальян қоспасын рұқсат етілмеген орындарда қолдану ережесін бұзғаны үшін құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл мөлшері он бес айлық есептік көрсеткіш.
Осылайша, Байқоңыр ауданының полиция қызметкерлері тексеру кезінде келуші жалпы залда кальян шегіп отырғанын анықтады. Кафеде кальян шегуге жол бергені үшін кафе әкімшісі жауапкершілікке тартылды.
16 қыркүйектен бастап елорда аумағында Учаске жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.
Іс-шара басталғалы бері 11 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 243 ұсақ бұзақылық фактісі, 1 мыңға жуық қоғамдық орындарды ластау фактілері анықталды. Сондай-ақ 1200-ден астам азамат алкогольдік ішімдікті қоғамдық орындарда ішкені және мас күйінде жүргені үшін жауапқа тартылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина