Астана жылыту маусымы басталды, қала әкімдігі ауа температурасының төмендеуін ескеріп, 2024-2025 жылыту маусымының басталуы туралы қаулы қабылдады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"24 қыркүйектен бастап тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен жылу беру басталды. Барлық нысандарды толық қосу екі-үш күн ішінде жоспарланып отыр", – деп хабарлады әкімдік.
Бұған дейін әлеуметтік нысандарға (мектептер, балабақшалар, емханалар) жылу берілген еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!