Қазақстанның қалаларында күн жылуына байланысты жылу өшіріле бастады. Астанада жылыту маусымы қашан аяқталады? Сауалға әкімдік өкілдері жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдіктің баспасөз қызметі өкілі елордада жылу беру қандай жағдайда тоқтатылатынын айтты.
"Орташа температура бес күн қатарынан +10 градус және одан жоғары болған жағдайда Астана әкімдігі жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдайды", – деп жазылған хабарламада.
Қазгидромет болжамына сүйенсек, мұндай шешімді әкімдік апта аяғында қабылдауы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жылу қашан ажыратылатыны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!