Астанада жылу беріле бастады

Астанада әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, қалада жылыту маусымы орташа тәуліктік температура +10 градус және одан төмен болғанда бес тәулік ішінде басталады. Алайда әлеуметтік нысандарға олардың өтінімдері бойынша жылыту маусымы басталғанға дейін жылу беріледі.

"Бүгінгі таңда орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 139 әлеуметтік нысан қосылған (мектептер, балабақшалар, емханалар және т.б.)", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз