Астанада жұртты 26 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

Астанада жұртты 26 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Елордада тұрғындарды 26 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ қолға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жедел іздестіру іс шаралары барысында Сарыарқа ауданы ПБ қызметкерлері алаяқтық жасаған 37 жастағы әйелді анықтады. Күдікті мемлекеттік бағдарлама арқылы аз пайызбен несие беретінін айтып, таныстарын алдаған. 

"Әйел азаматтарды сендіру үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін несиелер жайлы мәліметтерді бұрмалап, оларды өз пайдасына жаратуды көздеген. Келтірілген шығын көлемі - шамамен 26 млн 500 мың теңге. Дәл осындай 5 эпизоды бар екені белгілі болды", - деп жазылған полиция хабарламасында.

Ұсталған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның әрекеттері ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қарастырылып жатыр.

Қазір тергеу жүргізіліп, басқа да осындай алаяқтық әрекеттердің жолын кесу мақсатында шаралар қабылданып жатқаны айтылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget