Астанада Журналистер аллеясын бүлдірген екі жігіт ұсталды

Астанада Журналистер аллеясын бүлдірген екі жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл дерек Астанада сенбіде таңертең іркелді. Екі жігіт мүсін композицияны және оған іргелес аумақтағы жеті қоқыс жәшігін бүлдірген.

Полиция елорданың екі тұрғынын - 18 жастағы Денис Сурановты және бір кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтап, ұстады. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Вандализм дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесіндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция мұндай әрекеттерге қатаң тосқауыл қойылатынын атап өтті.

"Мұндай деректер құқықтық бағасыз қалмайды, ал кінәлілер заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады. "Заң мен тәрті"" қағидаты бәріне ортақ", - деп ескертті ведомстводан.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз