Астанада жүргізуші артқа қарай жүріп, аялдаманың күл-талқанын шығарған (видео)

Астанада жүргізуші артқа қарай жүріп, аялдаманың күл-талқанын шығарған (видео)
Фото: Видео кадры

Астанада жүргізуші артқа қарай жүріп, автобус аялдамасын қиратты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға Орталық саябақтың автотұрағында болған. Полиция мәліметінше, Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі газ бен тежегішті шатастырып, автобус аялдамасына соғылған. Оқиға салдарынан аялдаманың әйнегі сынған.

"Бұл дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Мүлікке келтірілген залал заңнамада белгіленген тәртіппен өндіріледі", - деді Астана ПД өкілі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget