Астанада жүргізуші 4 жылға сотталып, өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылды

Жүргізуші куәлігінен айырылған мас азамат полициядан қашып, патрульдік көлікпен соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана прокуратурасы мәліметінше, жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам алкогольдік мас күйде автокөліктізгінін ұстаған. Полиция қызметкерлері тоқтату талабын қойған кезде, ол заңды талапқа бағынбай, оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан.

"Қашу барысында бірнеше рет жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Қылмыстық әрекет патрульдік автокөлікпен соқтығысумен аяқталды. Бұзақы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша, ол кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан және өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылды.
 
Келтірілген материалдық шығын сотталушымен толық көлемде өтелген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!