Астана қаласының полицейлері Гана Республикасының азаматтарын елден депортациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Байқоңыр аудандық ПБ көші-қон қызметі бөлімі қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін, яғни визада көрсетілген елде болу мерзімі немесе көші-қон карточкасында тіркелу мерзімі өткеннен кейін үш тәулік ішінде елден шықпағаны үшін, Гана Республикасының төрт азаматын депортациялады.
Көші-қон тұрақтылығын сақтау, көші-қон процестерінің криминогендік жағдайға қолайсыз әсер етуінің ықтималдығын азайту мақсатында елордалық полиция қызметкерлері тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізеді. Полицейлер шетелдіктердің елордада болуын, олардың заңнама талаптарын сақтауын және елден уақтылы кетуін бақылайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!