Астанада жұмысшы 7-қабатта орнатылған құрылыс ағашынан құлап кетті. Астана денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға кеше, 14 тамызда болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мәңгілік Ел даңғылы, 62/1 мекенжайы бойынша 7-қабаттағы құрылыс ағашынан құлаған 1990 жылы туған ер адам жедел жәрдем көлігімен №2 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ер адамның миы, өкпесі және сол бүйрегі соғылып, көп жарақат алған, екі иығында және омыртқаның әртүрлі бөліктеріндегі қабырғалары сынған. Жедел операциядан кейін зардап шеккен адам реанимацияға жатқызылды. Ер адамның жағдайы ауыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!