Астанада Жұмабаев даңғылының бір бөлігі бірнеше күнге жабылады

Астанада Жұмабаев даңғылының бір бөлігі бірнеше күнге жабылады
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова

Астанада Балқантау көшесінен Б.Момышұлы даңғылына дейінгі учаскеде М.Жұмабаев даңғылын орташа жөндеу бойынша жұмыстар басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, 9-19 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.

"Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget