Астанада қыркүйектен бастап жүк көліктердің салмағын өлшейтін автоматты жүйе іске қосылады. Қазірдің өзінде қалаға кірберіс жеті жерде арнайы қондырғылар орнатылған. Асфальттың үстіне төселген сым қондырғылар ірі көліктердің салмағын 90 пайыз дәл өлшейді деп отыр жауапты көлік министрлігі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Автоматтандырылған өлшеу стансасы елордамызға кіреберісте Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Қосшы қалалары, сондай-ақ Қараөткел және Малотимофеевка ауылдары тұсынан орнатылды. Қазір тестілеу режимінде жұмыс істеп жатыр. Яғни әкімшілік құқықбұзушылық бойынша айыппұл салынып жатқан жоқ. Биыл қыркүйекте толық қосылды", - дейді ҚР Көлік министрлігінің басқарма басшысы Ғани Салмаев.
Жүйе "Сергек" механизмі бойынша жұмыс істейді. Шамадан тыс ауыр жүкпен жолды бүлдіргендерге автоматты түрде ұялы телефонына айыппұл көлемі туралы хабарлама келеді. Бұл шектеу шетелдік көліктерге де қатысты. Айыппұл мөлшері оське шаққандағы салмақтың арту дәрежесіне сәйкес 147 мың теңгеден үш жарым миллион теңгеге дейін кете береді. Жауаптылар бұл шара ең әуелі жолдардың ұзақ мерзімге шыдас беруін қамтамасыз ету үшін қолға алынып отыр деген пікірде.
"Бұл бірінші кезекте жолды жақсартуға көмектеседі. Негізі жол деген бес жылда бір жөнделу керек. Ережені бұзатын көбінесе жүк тасушылар. Құрылысқа тас таситын жүк көліктері шығын алып келіп жатыр. Статистиканы қарасақ, айына 4 миллиард теңгеге жол бұзылған. Қыркүйектен бастап айыппұл сала бастаймыз", - дейді мердігер Әбдіразақ Жүсіпов.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз