- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада жөндеу жұмыстарына...
Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты көше жабылады
Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты көше жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Ш. Айтматов көшесінен бастап Әйтеке би көшесіне дейінгі учаскеде Сығанақ көшесіндегі жол төсемінің үстінгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 17,18 тамызда жоғарыда көрсетілген учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта қамтамасыз етілетін болады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина