Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты қай жолдар жабылмақ?

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты қай жолдар жабылмақ?
Фото: depositphotos.com

Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы бірқатар көшеyің қиылысында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Осыған байланысты көше-жол желісінің жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атап айтқанда, 19-21 сәуір аралығында мына қиылыстарда орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды:

  • Республика даңғылы мен Ә. Иманов көшесі;
  • Республика даңғылы мен Кенесары көшесі;
  • Республика даңғылы мен Абай даңғылы.


Астана әкімдігі ұсынған сурет

Бұл шектеулерге байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарынан жол кептелісін болдырмау үшін маршруттарын алдын ала жоспарлау сұралады.


Астана әкімдігі ұсынған сурет

Басқарма келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтініп, жүргізіліп жатқан жол-құрылыс жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұрайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget