Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көшедегі көлік қозғалысы шектеледі

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көшедегі көлік қозғалысы шектеледі
Фото: depositphotos.com

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Астанадағы бірнеше көшедегі көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, жол төсеміне орташа жөндеу жүргізуге байланысты Айтматов көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскедегі Сығанақ көшесі бойынша қозғалыс жартылай шектелетін болады.

Көшені жабу ағымдағы жылдың 13-28 шілде аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ 12-13 шілде аралығында Қ. Сәтбаев көшесінен бастап А. Рудаки көшесіне дейінгі учаскедегі Майлин тұйық көшесі толығымен жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозгалысы іргелес Б. Майлин көшесінде жүзеге асырылады.

12-17 шілде аралығында Республика даңғылынан бастап С. Рақымов көшесіне дейінгі учаскедегі Ә. Жангелдин көшесі ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша жүзеге асырылады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан