Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бір көше бір айға жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Бұқар Жырау көшесі бойынша Қабанбай батыр даңғылына жақындаған жолдың жүру бөлігін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 15 шілдесінен 15 тамызына дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте Қабанбай батыр даңғылының өзі ашық болады, ал автокөлік құралдарының қозғалысы Бұқар жырауға іргелес көшелерде жүзеге асырылатын болады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!