Астанада жолдарды жөндеу жұмысына байланысты бірнеше көше жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Толығымен жабылған көшелер:
- Ж. Ташенов көшесінің қиылысы бойынша Ж. Ташенов көшесінен А. Бараев көшесіне дейінгі учаскеде;
- Е. Брусиловский көшесі бойынша Кенесары көшесінен А. Иманов көшесіне дейінгі учаскеде;
- Қабанбай батыр даңғылы бойынша Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейін (осыған байланыста Қабанбай батыр-Сығанақ көшесі және Қабанбай батыр-Алматы көшесі ашық).
Тұрғын алаптардағы көшелер:
- Өндіріс көшесі бойынша Бектау көшесінен Ақбидай көшесіне дейінгі учаскеде;
- Ш. Бөкеев көшесі бойынша Р. Дүйсенбаев көшесінен тұйыққа дейінгі учаскеде;
- Титов көшесі бойынша Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейін;
- Сұлукөл көшесі бойынша Еңлік Кебек көшесінен Ардагерлер көшесіне дейін;
- Абат-Байтақ көшесі бойынша Қ. Байсейітовадан Ш. Бейсекова көшесіне дейін.
Ішінара жабылған көшелер:
- Тәуелсіздік даңғылы – Р. Қошқарбаев көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін (бұл ретте автокөлік құралдары үшін қозғалыс екі бағыттың бір жағы бойынша қамтамасыз етілген – 1 маусымда қозғалыс төменгі қабатта қамтамасыз етілетін болады).
- Бөгенбай батыр даңғылы мен Ш. Уәлиханов көшесінің қиылысы. (бұл ретте қиылыстағы қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша жүзеге асырылатын болады).
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!