- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада жолаушының көзінше...
Астанада жолаушының көзінше мастурбация жасаған таксист 15 тәулікке қамалып, кейін елден шығарылады
Астанада жолаушының көзінше мастурбация жасаған таксист 15 тәулікке қамауға алынып, елден шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.
2023 жылғы 29 тамызда Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Р.-ге қатысты істерді қарады (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі, 517-бабының 5-бөлігі).
2023 жылғы 28 тамызда Б. такси қызметін пайдаланып, артқы жолаушылар орнында болған кезде, такси жүргізушісі Р. оған айна арқылы қарап, әдепсіз әрекеттер жасағанына куә болған. Жанынан өтіп бара жатқан жүк көлігінің жүргізушісі не болып жатқанын байқап, такси жүргізушісіне айғайлаған, ал Б. мұны видеоға түсіріп, Instagram-да жариялаған.
"Одан бөлек, Р. жеке, жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз адам тасымалдап, ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған. Р. кінәсін мойындады, оның кінәсі бейнежазбамен және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен дәлелденді.
Сот жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінуін таныды.
Ал көрсетілген іс-әрекеттің кінәліге тәуелді адамға қатысты жасалғанын ауырлататын мән-жай ретінде таныды", - делінген хабарламада.
Сот қаулыларымен Р. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, ал 517-бабының 5-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасынан 10 жұмыс күні ішінде шығарылады.
Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Астанада жолаушының көзінше мастурбация жасаған таксист видеоға түсіп қалғанын жазып едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан