- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада жолаушының көзінше...
Астанада жолаушының көзінше мастурбация жасаған таксист видеоға түсіп қалды
Астанада әйел таксиге тапсырыс беріп, жүргізушінің көз алдында мастурбация жасап жатқанын видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Аты-жөнін көрсетпеуді өтінген қала тұрғыны оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Әйелдің айтуынша, ол Астанадағы Төле би көшесінде таксиге тапсырыс берген. Жолаушы жүргізушінің артындағы артқы орындыққа отырып, таксистің бір қолына гипс оралғанын байқаған.
"Жүк көлігі өтіп бара жатқанда, қарсы жақтағы көлік жүргізушісі таксистке бірдеңе деп айқайлай бастады, сол кезде мен бірдеңенің дұрыс емес екенін түсіндім. Ол ереже бұзбай, жап-жақсы айдап келе жатқан сияқты еді. Сосын жүргізуші отырған орында не болып жатқанын көру үшін ең шеткі оң жақтағы орындыққа ауыстым. Не істеп жатқанын жақсырақ көру үшін телефонымның камерасын қостым, себебі көзім онша жақсы көрмейді. Оның не істеп жатқанын түсінгенде, менің таңғалдым. Мен не істерімді білмей қалдым, полиция шақырып не көлікті тоқтатып, одан түсіп қалмақ болдым. Жүргізуші оның не істеп жатқанын біліп қойғанымды байқаса, жынданып кете ме деп қорықтым, қанішер болып шығуы да мүмкін ғой. Жүргізуші айнаға қарап, менен жасырынғандай болып, әрі қарай жүре берді. Үйге жеттім де, көліктен жүгіріп шықтым, ол кеткенше дүкенде күтіп тұрдым", - деді жолаушы.
Шошынып қалған жолаушы бәрін видеоға түсіріп алған. Әйелдің айтуынша, такси жүргізушісі жұмыстан шеттету үшін ол дереу сервистік қолдау қызметіне хабарласқан. Ол өз қауіпсіздігіне алаңдап, полицияға хабар бермеген.
Бұл оқиғаға қатысты Яндекс Go-дың баспасөз қызметі түсінік берді.
"Бұл жағдай бізді әрі-сәрі күйге түсірді. Жүргізушіге жүйеде бұғат қойылды - ол енді ешқашан біздің қызметіміз арқылы тапсырыстарды орындай алмайды. Біз ол жұмыс істеген тасымалдаушы паркпен болған жағдайды шешеміз. Құқық қорғау органдарының ресми өтініші бойынша тергеуге көмектесуге дайынбыз, - деп мәлімдеді Яндекс Go.
Астана полициясы жүргізушінің кім екенін анықтап жатқанын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан