Астанада автобус әйелді қағып кетті. City Transportation Systems көлік компаниясы мен полиция департаменті оқиғаға түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
CTS мәліметінше, 2 қараша күні сағат 15:49-да Абылай хан даңғылы – Жансүгіров көшесінің қиылысында №33 автобустың жүргізушісі өз бағыты бойынша келе жатып, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
"Жаяу жүргінші №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Автобустың жылдамдығы сағатына 20 шақырым болған.
Жүргізуші жол ережесін бұзбаған, апат болмаған. Жұмыс тәжірибесі 6 жылдан асады. Сапар алдында 05:30-да медициналық тексеруден өткен. Демалыстан кейін бүгін жұмысқа шыққан", - деді көлік компаниясы.
Алайда Астана полиция департаменті басқа ақпарат таратты. Олардың мәліметінше, әйел бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өтіп бара жатқан. Астаналық полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!