Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Фото: Видео кадры

Астанада жолаушылар автобусы жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан. Екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген суреттер әлеуметтік желіде пайда болды.

Астана Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Ұлы Дала даңғылында болған. Автобус жол шетінде тұрған жүк көлігіне соғылған.

"Автобус жол апатына ұшырауына қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша автобус Ұлы Дала даңғылымен келе жатып, жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соқтығысқан. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізіліп, қажет көмек көрсетіліп жатыр," – деп мәлімдеді Астана ПД өкілі.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, рөлде мұқият болуға және жылдамдық режимін бұзбауға шақырады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget