Астанада қоғамдық көліктердің бірінде жолаушы контролерді ұрды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
CTS компаниясы оқиғаның видеосын жариялап, тұрғындардан көлік қызметкерлерінің жұмысына құрметпен қарауға шақырды.
"CTS Көлік бақылау департаменті және Тасымалдаушылардың бақылау-желілік қызметі қызметкерлерінің еңбегіне құрмет көрсетуді және олардың өз лауазымдық міндеттерін атқаруына кедергі келтірмеуді сұраймыз", - делінген мәліметте.
Компания мәліметінше, жыл басынан бері қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден жалтарудың 124 056 фактісі анықталған. Оның ішінде Астана қаласы ПД қызметкерлері 5 614 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, жалпы сомасы 41 453 776 теңгеге айыппұл салынды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTок арнамызға жазылыңыз!