Астанада жолақысы қымбаттауы мүмкін

Астанада жолақысы қымбаттауы мүмкін
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Елордада жолақы бағасы көтерілуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Астаналықтар үшін жалақысын былай көтеру ұсынылды:

  • Қолма-қол төлеу кезінде 220 теңге;
  • Қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін 110 теңге;

Қазір жолақы 90 теңге мен 180 теңге аралығында.

Қаулы жобасы 5 наурызға дейін ашық талқыланады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қоғамдық көлікте жол жүруге жаңа тарифтер бекітілгені хабарланды. "Оңай" картасымен немесе QR-код арқылы төлеген кезде жол жүру құны - 100 теңге, яғни 20 теңгеге артты. Қолма-қол төлеген кезде жол жүру ақысы 200 теңгеге дейін артты.

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz