Астанада жолдағы дау жанжалмен аяқталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елорданың Полиция департаменті мәліметінше, Lixiang және Kia маркалы көліктердің жүргізушілері жолды бөлісе алмай, мәселені жол үстінде жұдырықтасып шешпек болған.
"Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқан екі адамды да анықтады. Олар полиция бөліміне жеткізіліп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.
Сот шешімімен әрқайсына бес тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова